Қарағанды-Алматы тас жолында тікұшақ көліктерге тақап ұшқан (ВИДЕО)

Маусым 18, 2025 - 12:37
Қарағанды-Алматы тас жолында тікұшақ көліктерге тақап ұшқан (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Қарағанды-Алматы тас жолында белгісіз тікұшақ көліктердің төбесіне жақын жерден ұшып өткен, деп хабарлайды sadaq.kz.

Желіде оқиға .орнында түсірілген видео тарады. Кадрлардан тікұшақтың жол үстінде төмен ұшып бара жатқанын көруге болады. Қолданушы оқиғаның Қарағанды-Алматы тас жолында болғанын хабарлады.

"Тас жолда келе жатқанмын. Тікұшақ тура көлігімнің үстінен бір-екі метр жоғары ұшып өтті! Бұл жаңа норма ма? Мен отбасыммен келе жатқанмын. Бұл күтпеген жағдай болды. Бұл жай ғана қорқынышты емес өте қауіпті жағдай. Тікұшақтардың магистральдардың үстінен ұшуына кім рұқсат береді? Бұл қауіпсіздік ережелерін бұзу. Тиісті қызметтер түсініктеме береді деп сенемін", – деп жазды оқырман. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow