Қарағандыда кішкентай қыздың бетін жұлып алған иттің иесі 40 мың теңге айыппұлмен құтылатын болды

Шілде 9, 2024 - 10:02
Шілде 9, 2024 - 10:08
Қарағандыда кішкентай қыздың бетін жұлып алған иттің иесі 40 мың теңге айыппұлмен құтылатын болды

Қарағандылық тұрғынға 40 мың теңге айыппұл салынды. Оның иті 4 жасар қызды бетінен тістеп алған, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Оқиға Бадин көшесіндегі қалалық аулалардың бірінде болған. Иесі итті ағашқа байлап қояды. Жақын жерде ойын алаңында қыз бала ойнап жүрген. Қыз иттің басынан сипамақшы болып жақындаған. Сол сәтте ит қыздың бетінен қауып алған. 

Дәрігерер бес жасар қыздың бетін сегіз жерден тіккен. Иттің иесі баланы анасымен ауруханаға жеткізген.

«Енді қыздың бетінде тыртық қалады. Иттің иесі қыз жануарға өзі келгенін, ата-анасынсыз жалғыз жүргенін айтып, жауапкершілік алмайтынын жеткізді. Балалар ойын алаңында да ересектермен жүруі керек пе? Ал иттің тұмсығына неге ештеңе тақпаған?», — дейді қыздың туыстары.

Кейін полиция ит иесіне айыппұл салумен ғана шектелген.

«Қыздың анасы иттің иесін жауапқа тарту туралы өтініш жазбады. Материалды қарап, оған әкімшілік жаза тағайындалды. Оған 36 920 теңге айыппұл салынды», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow