Қарағандыда мектептің жанынан әйелдің мәйіті табылды

Қазан 9, 2025 - 14:24
 0  37
Қарағандыда мектептің жанынан әйелдің мәйіті табылды
Фото: ЖИ жасаған сурет

Қарағандыдағы мектептің жанынан әйелдің мәйіті табылды. Марқұмды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қылмыс 28 қыркүйек күні болған. Бірақ полиция бұл туралы ақпаратты тек 8 қазанда ресми түрде хабарлады. 36 жастағы күдікті ұсталды. 

«Күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қылмыстық іс жүргізу кодексінің «сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етпеу» туралы 201-бабына сәйкес өзге ақпараттарды жария етпеді.

Айта кетейік, 6 қазан күні Павлодар облысының Ақсу қаласында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы жол-көлік оқиғасынан қаза тапты. Ер адамды екі көлік соққан.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0