«Қарашаштың өмірін ойламады»: Дариға Бадықова бауырына басқан қыз туралы айтты (ВИДЕО)

Дариға Бадықова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың арада бала жоқ деген мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол бауырына басқан Қарашаш атты қыздың жағдайы сұхбаттан кейін онша емес екенін ашып айтты.
“Ортамызда бала жоқ. Мен баланы тастап кететіндей көкек ана емеспін. Қарашаш мен өзім бауырыма алған қыз. Мен оған ерекше мейірімімді бердім. Қатарынан қалдырмадым, оқыттым. Дархан деген кісі Қарашаштың өмірін де ойламай айтып отыр. Қарашашқа да ауыр тиіп жатыр”, – деп жауап берді.
Желі қолданушылары аталмыш жайтқа қатысты түрлі пікір білдірді.
“Дарханның Қарашашқа деген жылулығы жоқ екені көрініп тұр ғой. 3 жасынан бауырына алып қызым деп тұрған жоқ”, “Басқа байға кеткенде сен ол қызды неге ойламадың”, “Бала тапқандыкі емес, баққандыкі”, деді желі қолданушылары.
@user54968145275683 #fyyyyyyyyyppppppp ♬ оригинальный звук - school life
Сіздің реакцияңыз қандай?






