Каспий теңізінде жаңа арал пайда болды

Тамыз 26, 2026 - 15:09
chat_bubble  0 visibility  3
Каспий теңізінде жаңа арал пайда болды
Фото: Видеодан скрин

Каспий теңізінде жаңа арал пайда болды. Caspian Holiday компаниясының негізін қалаушы Ерболат Мұқашовтың айтуынша, бұл теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ерболат Мұқашовтың айтуынша, Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде жаңа аралдар пайда бола бастады. Бұл үдеріс соңғы 4-5 жылда теңіз деңгейінің түсуіне байланысты жүріп жатыр. Аталған аралдар Каспий итбалықтары мекендейтін Құлалы, Теңіз, Святой, Подгорный, Үшарал, Маяқшыққан және Долгий аралдарының маңында орналасқан.

"Жақында пайда болған аралдардың бірі – Рыбачий. Ол Святой аралының шығыс жағында орналасқан. Жаңа арал Святой аралынан шамамен 500 метр қашықтықта, ал Баутино ауылынан шамамен 30 шақырым жерде жатыр", – деді ол.

Компания негізін қалаушы аралдарды негізінен қасқырлар мекендейтінін атап өтті. Сондай-ақ мұнда жабайы қабандар мен борсықтар кездеседі. Жағалау сулары мен аралдарда балықтар мен құстардың сан алуан түрі тіршілік етеді.

"Аралға Маңғыстаудағы Каспий теңізін қорғаушы және экосарапшы Данияр Акимжановтың көмегімен бардық. Бұл аумақ өзінің таңғажайып әрі көркем табиғатымен ерекшеленеді", - деді Ерболат Мұқашов.

Аралды биіктен түсіріп алудың сәті түскен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0