«Қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?!»: Димаш Құдайберген әйелдерге қол көтеретін ер азаматтарды сынға алды

Тамыз 18, 2026 - 17:52
app_badging Тамыз 18, 2026 - 17:58
chat_bubble  0 visibility  14
«Қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?!»: Димаш Құдайберген әйелдерге қол көтеретін ер азаматтарды сынға алды
фото: әлеуметтік желіден

Димаш Құдайберген әйелдерге қол көтеретін ер азаматтарды сынға алды Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Өнер иесі әйелге қол көтеріп, кейін өзін еркек санайтын азаматтарды қатаң сынға алды. Ол мұндай әрекетті адамгершіліктің ең төменгі шегі деп бағалады.

«Әйелді сабап, соны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?! Жұдырықтарың әйелге ғана жүретін болса, сендер еркек емес — малсыңдар болды. Әйелге әлжіметтік жасап абырой жинаймын деу — адамдықтың ең төменгі шегі!» — деп жазды Димаш Құдайберген.

Әншінің бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0