«Қайырымдылыққа жиналған ақшаны ойынға тіккен»: Құлдықта болған қыздардың үйін сатып жіберген блогердің тағы бір былығы ашылды

«Елге көмек» қорының жетекшісі, блогер Ілияс Сариевке қатысты небір ақпараттар тарап жатыр. Аталмыш негізін қалаушы Ақтоты Дүйсеева журналист Руслан Өтепбайдың YouTubeарнасына сұхбат беріп, қазір қамауда отырған блогер туралы тағы шындықтың бетін ашты. Ақтотының айтуынша, Ілияс қорға келіп түскен қаражат құмар ойынға салған.
«Оны жақында ғана білдік. Құмар ойынға әуес, ставка. Кісілерден естідім. Каспиймен ставка қойғанын көрдім. Төлем тарихынан. Бұрын өзінің айтуынша 2014-2015 жылдары ойнағанын білемін. Одан соң қойып кеттім деді. Ал қазір қашан нақты басталғанын білмеймін. Бірақ ойнап жүрген екен. Бір рет маған футболға ставка қойғанын айтты. Миллиондап қояды. Алған ақшасын орнына қайтара алмағаны да сол себептен шығар деп ойлаймын. Ставка», – дейді Ақтоты Дүйсеева.
Сондай-ақ ол қордың атын пайдаланып, адамдардан несие алдырған.
Ілияс Жансұлу есімді келіншекке аудио жіберген, мақсаты жалғызбасты анаға несие алдыру болған. Алайда Жансұлу несие алып бере алмайтынын айтқан.
"Бірақ Ілияс анасы ауырып жатқанын алдыға тартып, өтініш емес, келіншекке талап қояды. Жансұлу Ілиясқа Құдайдай сеніп, оның туған қарындасына 2 миллион теңге несие алып береді. Алайда ол қыз Ілиястың қарындасы емес, сіз бен бізге таныс Ақтоты болып шығады. Ең сорақасы Ақтоты келіншектің телефонын алып, басқа банктан тағы да 1 миллион теңге несие шығарып, дереу өзінің шотына аударып алады. Мұны Жансұлу тек келесі күні байқайды", - деді журналист.
Еске сала кетейік, 10 сәуір күні Ақтотымен бірге «Елге көмек бер» қайырымдылық қорының негізін қалаған Ілияс Сариев алаяқтықпен ұсталып, 2 айға қамалған еді.
Ол бір топ адамды қажылыққа жібермеген компанияны жарнамалағаны үшін ұсталды. Алайда Ілияс Сариевтың үстінен арыз түсірушілер қатары күн санап артып келеді.
Сондай-ақ ол ол қор атынан Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылынан 10 мұқтаж жанға тегін баспана береміз деп, халықтан садақа жинаған. Кейін баспана алдық деп жарияға жар салған. Үй берілді деп айтылған мұқтаж жандардың ішінде Түркістан облысында 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілі қыздар Құндыз бен Назгүлдер де бар.
Сіздің реакцияңыз қандай?






