Қайрат Нұртас тұңғыш қызына көлік пен пәтер сыйлады(ВИДЕО)
Танымал жұлдызды отбасы тұңғыш қыздары Сезімнің туған күнін Мальдив аралдарында атап өтті. Бұл туралы Жұлдыз Әбдукәрімова өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бейнежазбада Қайрат Нұртас қызына әкелік тілегін арнап, кәмелет жасқа толуына орай қымбат көлік пен пәтер сыйлайтынын айтты.
Ал, анасы «Сезім өнерден алыс. Ғылым жолында. Бет алған бағытыңда ештеңеге алаңдамай, біліміңді шыңдап, жүрек қалаған ісіңмен айналыссаң болды. Біз сол үшін талмай еңбек етеміз. Бастысы адам бол, ботам»,– деп тілегін жолдады.
Жұлдыз Әбдукәрімованың сөзінше, туған күнді артық адамдарсыз отбасымен өткізуді Сезім өзі қалаған. «Қалғаны тоса тұрсын, әлем тоқтай тұрсын»,– деп жазды ол.
Дегенмен, жұлдызды жұпты отбасымен бірге көрген халық қуанып жатса, кейбірі қыздарының киімі тым ашық екенін айтып сынның астына алды.
@aqiqat.media
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0