«Қайраттың» ойыны үшін Астанаға келген испаниялық журналист үсіп қалған (ВИДЕО)

Желтоқсан 11, 2025 - 12:45
 0  2
«Қайраттың» ойыны үшін Астанаға келген испаниялық журналист үсіп қалған (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Испаниялық журналист Рафаэль Эскриг «Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы ойынды УЕФА Чемпиондар Лигасының тарихындағы ең суық матч деп атады. Ол Астанада айтарлықтай тоңғанын мойындады, деп жазады sadaq.kz сайты qandastar.kz-ке сілтеме жасап.

DAZN журналисі өз әсерлерімен Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

«Чемпиондар Лигасының тарихындағы ең суық ойын – осында, Астанада. Минус 30 градустық бұл сезімді мен ешқашан ұмытпаймын…», – деп жазды ол жариялаған видеосының астына.

Кадрларда Рафаэль матч алдында «Астана Арена» жанында тұрып, ауа райы туралы айтып береді. Ол қалың киімге оранып, аяздың қатты екенін атап өтеді. Журналист мұндай суықта далада жүрудің өзі қиын болғанын мойындады. Айта кетейік, елордадағы «Олимпиакоспен» матч айтарлықтай аязды жағдайда өтті. Дегенмен «Астана Аренада» шатыр жабық болды, бұл сыртқы ауа райының әсерін азайтуға мүмкіндік берді.

Синоптиктер минус 30 градусқа дейін суытады деп хабарлаған еді – тіпті қатты аязға байланысты дизельмен жүретін көліктердің елордадан шығуына шектеу қойылған.

Осы кеште «Қайрат» «Олимпиакостан» жеңіліп, Чемпиондар Лигасындағы бесінші жеңілісіне ұшырады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0