«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

Бүгін Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан өткен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақ боксшылары командалық есепте 1-орынға табан тіреді. Алайда, 48 келіде айқасқан қазақстандық боксшы Назым Қызайбай үнді боксшысы Минакшиге жол беріп, күміс медальді қанағат тұтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Осы орайда белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов қазақтың боксшы қызын аяқтан шалған төрешінің кім екенін жариялады.
«Назым Қызайбайды ұтып тұрған жерінен барлық раундта тоғыз баллдан қойып, алтын жүлдесінен айырған түрік төреші осы. Аты-жөні - Davut Kanuni. Артынша Айбек Оралбайға да барлық раундқа тоғыз балл қойды. Инста аккаунты жоқ екен. Десе де, осылай суретін салып қояйын. Білсін, қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайтынын. Түбі кездесеміз! Бетіне басамыз!», - деп жазды ол.
Ливерпульде өткен World Boxing ұйымының әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті бірдей алтын медаль жеңіп алды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






