Қазақ қыздарын қорлаған шетелдік стримерлер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Ақпан 12, 2026 - 21:37
 0  1
Қазақ қыздарын қорлаған шетелдік стримерлер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін
Фото: lada.kz.

Тікелей эфирде қазақстандық қыздарды балағаттаған шетелдік стримерлерге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілу мүмкін, деп хабарлайды Sadaq.kz.  

Олар ұсақ бұзақылық бойынша 15 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодекстің 174-бабы (ұлтаралық араздықты қоздыру) бойынша тергеуді бастады.

Әңгіме стримерлер Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаев жайында. Онлайн-трансляция кезінде олардың айтқан дөрекі, бейәдеп сөздері кейін әлеуметтік желілерге тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Қоғамдық сыннан кейін блогерлер көпшілік алдында кешірім сұрағанымен, бұл жағдайға құқық қорғау органдары араласты. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Егер кінәсі дәлелденсе, стримерлерге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0