Қазақ қызы көркем гимнастикадан әлем чемпионы атанды

Маусым 23, 2025 - 12:31
Қазақ қызы көркем гимнастикадан әлем чемпионы атанды
Фото: olympic.kz

Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Ол Қазақстанға екі алтын және бір күміс медаль сыйлады, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасаған sadaq.kz.

Комитеттің мәліметінше, Болгария астанасы София қаласында көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жекелей жаттығуларындағы финалдық кезеңі өз мәресіне жетті.

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева турнирдің жеңімпазы атанды. Ол іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, үш бірдей финалға жолдама алған. Ақмарал осы үш жаттығудың бәрінде жүлдегер атанған.

Ол доппен және лентамен жаттығуларда алтын медаль жеңіп алса, шеңбермен жаттығуда күміс жүлдеге ие болған.

Сондай-ақ Айғаным Рысбек булавамен жаттығуда бесінші орын алған.

Айта кетейік, Ақмарал Ерекешева – көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен санаулы қазақстандық гимнаст қыздардың бірі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow