«Қазақ тіліне қатысты сатқындығы - бер жағы»: Журналист курьердің үстінен шағымданған тұтынушының былығын ашты

Сәуір 9, 2025 - 12:24
«Қазақ тіліне қатысты сатқындығы - бер жағы»: Журналист курьердің үстінен шағымданған тұтынушының былығын ашты
Фото: видеодан скрин
Белгілі журналист, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы басы дауға қалған "Magnum" курьерінің үстінен арыз түсірген тұтынушының мектепте жұмыс істегенін жазды, - деп хабарлайды saDaq.kz. 
 
Бұл туралы ол Facebook парақшасында мәлімдеді. Жазуынша, арызқой клиент бірнеше жыл бойы мектепте сабақ берген мұғалім екен. 
 
"Бұл асылхан деген әлгі абастының үстінен 2018 жылы жазылған шағымдар... Бұл шағымдар рас болса, оның қазақтілді курьерге қатысты шуы, қазақ тіліне қатысты сатқындығы - бер жағы екен...
Сонда бұл шағымдар сол кезде тексерілмеген бе? Тексерілмеген болса, неге тексерілмеген?? Тексерілген болса, тілдің, ұлттың нағыз жауы, педагогикадан садаға кеткір, балаларымызды теріс жолға салатын асылхан деген мұғалімсымақ осындай арыз-шағымнан кейін қалайша жұмыстан қуылмаған? Ол қалайша осыншама жылдар бойы бала оқытқан? Қалай оқытқан? Не оқытып, не үйреткен? Қазаққа, қазақ тіліне қарсы шығуды үйреткен бе? "Көгілдір, қызғылт, түрлі-түсті" болуды үйреткен бе?
Бәсе, қаланың мектептерінде де, қала маңындағы ауылдардағы мектептерде де жылда "цветная вечеринка" деген пәле өтеді екен... Оның ар жағында не жатыр? Әр мектепте осындай "мұғалімсымақтар" жүрген шығар, А??? Кім тексеріп жатыр?
(Біздің Құлагердегі мектеп-гимназияда баяғыда бір осындай оңбаған мұғалім болған, аты Қазбек пе еді, Нұрбек пе еді, ұмытып отырмын... қателеспесем, өзі тағы завуч еді ғой деймін... ұл балалардың бұтына қолын салады деп балалар шағымданған.... Фатима ма, Фарида ма директор еді, соған барып айтқанмын.... одан кейін не болғанынан бейхабармын...)
Білім министрлігі қайда қарап отыр? Мына сияқты мұғалімдер мектепте істейтін болса, онда жетіскен екенбіз... Мұғалім деген, керісінше, ең бірінші кезекте тіл жанашыры, ұлт патриоты, ел патриоты, бала болашағының алаңдаушысы, қамқоршысы болуға міндетті!!! Мұғалімнің бойында ондай қасиеттер жоқ па - мектептен аулақ болсын!!!....
Қысқасы, бұл мәңгүрт жұмыстан шығарылсын! Оқу-ағарту саласынан мәңгіге аластатылсын!!!", - деп жазды ол. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow