Аралдағы өрт: яхтада Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова мен олигарх Данияр Абылғазин болған

Олардың қатарында еліміздегі ен бай бизнесмендердін бірі Данияр Әбілғазин, оның ұлы мен зайыбы Айдан Сүлейменова да бар.

Маусым 25, 2024 - 17:25
Маусым 26, 2024 - 10:24
Аралдағы өрт: яхтада Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова мен олигарх Данияр Абылғазин болған
Фото: itboat.com

Грекияда бүтіндей бір аралды өртеп жіберген туристердің арасында Құлыбаевтың адамы болды деген ақпарат расқа айналатын түрі бар. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарғанымен Грекияның белді басылымдары аралды өртеп жіберген туристердің расында да Қазақстан азаматтары екенін жазып жатыр, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Ел билігі де сол күні кемеде қазақстандықтар болғанын, олар келесі күні елден жеке ұшақпен ұшып кеткенін хабарлады.

OCCRP (Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы) тәуелсіз журналистерінің кол жеткізген ақпарға сәйкес, Persephony І яхтасының қонақтары ішінде жеті отандасымыз болған. Олардың қатарында еліміздегі ең бай бизнесмендердін бірі Данияр Әбілғазин, оның ұлы мен зайыбы Айдан Сүлейменова да бар. Зерттеу мәліметіне сенсек, Грек аралы өртенген күннің ертесінде  Әбілғазинның жеке ұшағы Афина әуежайынан Алматыға ұшып кеткен.

Бұдан бөлек қонақтар арасында Halyk Bank басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова мен онын күйеуі, KMG International NV мұнай компаниясының бұрынғы топ-менеджері Бейімбет Шаяхметов және олардың қызы да болған.

Гидра аралындағы орман өрті 300 мың шаршы метр жерді шарпыған. 

Еске салсақ, бірнеше күн бұрын Грекияда қазақстандық туристер яхтаның  кесірінен арал өртенген болатын. Туристер алдымен тілсіз жауды өз күшімен ауыздықтауға тырысқан, бірақ сөндіре алмаған соң, өрт күзетіне хабар беріп, өздері кетіп қалған. Кейінірек Грекия билігі қайықтан отшашу атқан 13 адамды ұсталғанын хабарлады.

Алайда СІМ өкілі Айбек Смадияров Грекияда ұсталғандар Қазақстан азаматтарының жоқ екенін айтқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow