Қазақстан Моңғолиядан 500 мың ешкі сатып алмақ

Бұл – Қазақстанда жойылып кеткен түрді қайта қалпына келтіру бағдарламасының бір бөлігі болмақ.

Маусым 27, 2025 - 11:08
Маусым 27, 2025 - 11:10
 0  116
Қазақстан Моңғолиядан 500 мың ешкі сатып алмақ
фото: ашық дереккөз

Қазақстан агроөнеркәсіптік кооперацияны дамытуға бағытталған пилоттық жоба аясында Моңғолиядан 500 мың бас ешкі сатып алуға қызығушылық танытты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің моңғол тарапының шақыруымен Моңғолияға жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған жоба жүн мен мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін бірлескен өндірістерді құруды көздейді.

Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, Нұртөлеу "іскерлік байланыстарды жандандыруды ұсынып, моңғол компанияларын өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырған".

Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша республикада 26 288 қой мен ешкі бар.

Бұған дейін, биыл наурыз айында Венгрия Ауыл шаруашылығы министрі Иштван Надь еліндегі Пржевальский жылқыларының жартысын – барлығы 300 бастың ішінен 150-ін Қазақстанға беретінін мәлімдеген еді. Бұл – Қазақстанда жойылып кеткен түрді қайта қалпына келтіру бағдарламасының бір бөлігі болмақ. Жылқылар Қостанай облысындағы мемлекеттік "Алтын дала" табиғи резерватының дала аумағына жіберіледі. Бұл аймақ — тарихи тұрғыдан алғанда бұл жануарлардың табиғи мекен ету ортасы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0