Елімізде миллион теңге зейнетақы алатын қария бар

Ақпан 26, 2025 - 11:48
Ақпан 26, 2025 - 12:35
Елімізде миллион теңге зейнетақы алатын қария бар
ЖИ Grok/sadaq.kz

Күні кеше отандық БАҚ беттерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары қаңтар айында инвестициялық қызмет нәтижесінде 284,86 млрд теңге жоғалтты деген ақпарат тараған болатын. Осыған орай бүгін БЖЗҚ ел азаматтарының зейнетақы активтері 22,64 трлн теңгеге жеткенін мәлімдеді, деп жазады Sadaq.kz.

2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша азаматтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 22,64 трлн теңгеге жетті. Соңғы 12 ай ішінде зейнетақы активтері 4,52 трлн астам теңгеге (немесе 25%) өскен.

"Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары 2025 жылдың 1 ақпанына 21,69 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсімі – 23,8%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 650,21 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 12,5%. Өткен 12 ай ішінде ең үлкен өсімді (45,2%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – шамамен 8 млрд теңге. Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 270,08 млрд теңгеге жуықтады", - делінген қор мәліметінде.

Кіріс

2025 жылдың қаңтар айында салымшылардың шоттарына шамамен 234,24 млрд теңге зейнетақы жарналары түсті (өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 24,8% немесе 46,56 млрд теңгеге артық).

МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.02.2025 жылға дейін 200,33 млрд аса теңге (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9% артық) түсті, МКЗЖ - 12,17 млрд астам теңге (өсім 17,9%), ЕЗЖ – 295,0 млн теңге (өсім 1,1%). 2025 жылдың қаңтар айындағы ЖМЗЖ көлемі – 21,44 млрд теңге.

Төлемдер мен аударымдар

2025 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары шамамен 128,86 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 65,40 млрд теңгеге немесе 103,1% көп.

78,09 млрд аса теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 16,78 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8,2% жоғары.

Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 6,32 млрд аса теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 3,29 млрд аса теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 272,60 млрд теңге, жерлеуге төлемдер – 989,23 млн теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 23,1 млрд теңге аударылды.

Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем – 35 523 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы – 993 040 теңге. 

ЖЗШ саны

2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,24 млн бірлік. Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 ақпанына 12,51 млн бірлікке жуықтады. Оның ішінде: 11,15 млн - МЗЖ бойынша, 718,56 мыңнан аса - МКЗЖ бойынша, 441,96 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.

Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 4,73 млн бірліктен асты. 

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow