Қазақстандық өнерпаз халықаралық байқауда Гран-при иеленді

Қаңтар 12, 2026 - 16:12
 0  19
Қазақстандық өнерпаз халықаралық байқауда Гран-при иеленді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Беларусьтің Витебск қаласында өткен «Арт-парад в Витебске» VII халықаралық фестиваль-байқауында Қазақстан атынан қатысқан Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 4-курс студенті Ақерке Амалят жеңімпаз атанды.

«Эстрадалық вокал» мамандығында білім алатын студент қазақ халық әнін орындап, 129 ұпай жинап, «Вокал» номинациясы бойынша Гран-при иеленді. Байқауға 12 елден 1 200-ден астам өнерпаз қатысты.

Ақерке Амалят бұған дейін де халықаралық және республикалық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы атанған.


Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0