Қазақтар Backstreet Boys әншілерін моншаға түсіріп, Америкаға шығарып салды

Топтың концертін көруге 45 елден турист келген

Қыркүйек 23, 2025 - 11:15
Қыркүйек 23, 2025 - 11:26
Қазақтар Backstreet Boys әншілерін моншаға түсіріп, Америкаға шығарып салды
Фото: @backstreetboys

Қазақстанда концерт берген Backstreet Boys тобының әншілері қызықты естеліктерін желіде бөлісті. Олар Астанадағы моншалардың біріне барған фотоларын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстандағы концерттеріміз арасында аздап демалып, тынығуға уақыт таптық», - делінген жазбада.

Олар моншаға түсіп, буланып, шахмат ойнап, уақытты көңілді өткізген.

Әншілер тек моншамен шектелмей, Астананың мәдени орындарын аралады. Оның ішінде Бәйтерек, «Алтын адамның» суреттері бар. Өнер иелері экологиялық шараға да қатысып үлгірді. Олар жаңадан ашылған Бейбітшілік пен келісім саябағына ағаш екті.

Ник Картер мен Брайан Литтрелл Қазақстанға жасаған сапары туралы айтып, көрермендерге жылы қабылдағаны үшін алғыс білдірді.

«Қазақстанда ғажайып уақыт өткіздік. Бізді керемет жылы қабылдады. Әлемнің түкпір-түкпірінде жанкүйерлерімнің бар екеніне қуаныштымын. Музыка – бәрімізді біріктіретін күш. Өз атымнан ағаш отырғыздым», – деп жазды Брайан Литтрелл.

 «Біз Қазақстанға алғаш рет келдік, бәрі тамаша өтті. Ұмытылмас екі керемет концерт үшін алғыс айтамын», – деді Ник Картер.

Еске салсақ, Астанада өткен топтың концертіне Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және басқа да мемлекеттерден 45 елдің 12 мыңнан астам туристі келген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Backstreet Boys (@backstreetboys)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow