«Казцинк» зауытындағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасына көмек уәде етілді

Мамыр 5, 2026 - 21:29
app_badging Мамыр 5, 2026 - 21:30
chat_bubble  0 visibility  1
«Казцинк» зауытындағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасына көмек уәде етілді
Фото: gov.kz

Бүгін Өскемен қаласындағы «Казцинк» кәсіпорында болған жарылысқа байланысты Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жедел штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, әкім құтқарушылар әлі де үйінді астын тексеріп, оның астында зардап шеккендер болса табу керек екенін айтқан.

Ал жарылыстың нақты себебін анықтау үшін ведомствоаралық комиссия құрылады.

«Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құруы тиіс. ШҚО Экология департаменті апатты жою штабы жұмыс істеген кезеңде атмосфералық ауа сапасына үздіксіз экологиялық мониторинг жүргізуі қажет. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына психологиялық және материалдық көмек көрсетеміз», - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0