«Келісіммен келді»: Қыз алып қашқан түркістандық жігіттің анасы барлығын жоққа шығарды

Қаңтар 21, 2026 - 11:32
Қаңтар 21, 2026 - 13:37
 0  353
«Келісіммен келді»: Қыз алып қашқан түркістандық жігіттің анасы барлығын жоққа шығарды
Фото: видеодан скрин

Шымкентті ғана емес, күллі елді алаңдатқан қыз алып қашу оқиғасына қатысты дау әлі де басылар емес, деп хабарлайды sadaq.kz сайты todayinfo.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылында болған қыз алып қашу оқиғасы кеңінен талқыланып, қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Интернетте тараған ақпараттарда жігіттің қызды күштеп әкетіп, зорлағаны туралы мәлімдемелер жарияланды. Алайда редакцияға хат жолдаған жігіттің анасы бұл деректерді жоққа шығарып, жастардың бір-бірімен бұрыннан араласып жүргенін айтты.

Оның сөзінше, қызды алып келген кезде ешқандай жанжал болмаған.

«Қыз үлкен әжесі мен әкесінің келісімімен келді. Жігіт жақ қалыңмал ретінде 1,5 миллион теңге берді. Кейін қыздың киім-кешегі де жеткізілді», – дейді ол.

Сондай-ақ әйелдің айтуынша, қыздың анасы да қамауға алынған. Ол бұл әрекеттің артында қаржылық мүдде болуы мүмкін деген күдігін де жасырмады.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде 17 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны өзін белгісіз адамдар күштеп алып кетіп, Сарыағаш ауданындағы ауылға апарғанын және сол жерде зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтқан болатын. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы — «Некеге мәжбүрлеу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0