«Кеңес үкіметінің қамыты»: Ринат Зайыт тегіндегі орысша жалғаудан құтылды

Мамыр 14, 2025 - 17:33
 0  29
«Кеңес үкіметінің қамыты»: Ринат Зайыт тегіндегі орысша жалғаудан құтылды
Фото: видеодан скрин

Депутат Ринат Зайыт тегіндегі «ов» жалғауынан не үшін бас тартқанын айтты, деп хабарлайды saDaq.kz.

«Ов және вич деген біздің үлкен аға-апайларымыз айтпақшы, бұл – кезіндегі кеңес үкіметінің, патшалық Ресейдің бодандығындағы бізге тағылған айдар іспетті. Аға-апайларымның тілімен айтқанда, бұл кеңес үкіметінің бізге кигізіп қойған қамыты деп есептеймін», –  деді ол.

Ринат Зайыт басқа депутаттарға тегін ауыстыру жөнінде үндеу тастағысы келмейтінін айтты. Бұл мәселе әркімнің өз еркінде деп ойлайтынын жеткізді.

«Төлқұжатында жазылғаннан кейін әр адамның есімі – жекеменшігі. Сондықтан, біреуге кеңес бере алмаймын», – деді Ринат Зайыт.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0