Хан Кене қайтадан тұғырға қонды

Астанада Кенесары ханның ескерткішін қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, монумент өз орнына орнатылды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Астанада Кенесары хан ескерткішін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, өз орнына қойылды! Қазірескерткіштің айналасында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде», – деп жазды ол.
Қариннің айтуынша, қайта жөндеуден кейін ескерткіш бұрынғыдан биік болып шыққан.
Өткен жылы ескерткіш апатты деп танылып, орнынан алынған еді.
Қоладан құйылған ханның тұлғасы тұлпарүстінде бейнеленіп, биік гранит тұғырға орнатылған. Мүсінші – Нұрлан Далбай,
Сәулетші – Шота Уәлиханов.
Сіздің реакцияңыз қандай?






