«Хит қыламын деді»: Тағы бір азамат Ілияс Сариевке алданғанын мәлімдеді

Танымал журналист Руслан Өтепбай Ілияс Сариевке қатысты тағы бір тың дерекпен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Таяуда жұмыс нөміріме Қуат есімді азамат хабарласты. Сөзіне сенсек, ол осыдан жарты жыл бұрын Ілияс Сариевке (бостандықта жүрген кезінде) 780 мың теңге берген. Ал Ілияс Қуатты белгілі бір медиа жобаларға қатыстырып, әлеуметтік желіде қолдаймын деп уәде еткен көрінеді. Ақыр соңында «ақшаны алған Ілияс хабарсыз кетті»,-дейді,- Қуат», делінген журналистің парақшасындағы жазбада.
Қуаттың сөзінше, Сариев оны көрсетілім саныңды көтерем, «хит» қыламын деп алдаған.
«Алаяқтықпен ұсталған Ілияс Сариевке кезінде 780 мың теңге аударған. Мені «танымал» етемін деп сұрап алған. Сенің көрсетілім саныңды көтерем, «хит» қыламын деді ғой. Мен оған ақша аударғанымды желкесінен суырып аламын», - деді өзін Қуат деп таныстырған азамат.
Айта кетейік, Ілияс Сариев пен Ақтоты Дүйсееваның соты 22 тамыз басталады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






