Киім ілетін жерде оқушылар сығылысып қалды: директор қызметінен босатылды

Білім басқармасы бейнебақылау жазбаларын зерттеу нәтижесінде оқушының есінен танып, құлағаны туралы ақпарат расталмағанын мәлімдеді

Қазан 8, 2026 - 14:56
chat_bubble  0 visibility  1
Киім ілетін жерде оқушылар сығылысып қалды: директор қызметінен босатылды
фото: sputnik.kz

Астанада №99 мектептің директоры қызметінен босатылды. Бұған оқушылардың киім ілетін жерде жаппай жиналып, сығылысып қалғаны себеп болды, деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.

Әлеуметтік желіде тараған видеода мектептің киім ілетін бөлмесінде оқушылардың бір уақытта көп жиналғанын көруге болады.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, екінші ауысымдағы сабақ кестесінің дұрыс ұйымдастырылмауына байланысты жеті сыныптың оқушылары сабақтан бір уақытта шыққан. Соның салдарынан киім ілетін жерде адам саны күрт көбейген.

Білім басқармасы бейнебақылау жазбаларын зерттеу нәтижесінде оқушының есінен танып, құлағаны туралы ақпарат расталмағанын мәлімдеді. 

Қазір мектепте сырт киім ілетін аймақтағы қызметкерлердің кезекшілігі күшейтіліп, оқушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылданды. Оқиғаға байланысты мектеп директоры қызметінен босатылды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0