«Қылмыстық іс қозғалды»: ІІМ экс-министр Руслан Жақсылықовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ішкі істер министрлігі бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қамалды деген көрінеу жалған ақпараттың таралуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Астана қалалық полиция департаменті сұрау салынған тұлғаның ұсталғаны туралы БАҚ-та көрінеу жалған ақпараттың таралу дерегі бойынша Қылмыстық Кодекстің 274-бабы 2-бөлігіне сәйкес (Масс-медианы, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Қылмыстық-процестік Кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді", – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға байланысты болмаса, прокурордың рұқсатымен ғана жария етiлуi мүмкiн.
Айта кету керек, бұған дейін бұрынғы Қорғаныс министрі қамалды деген ақпараттың фейк болып шыққанын жазған едік.
Сіздің реакцияңыз қандай?






