«Қыз Жібек» киносына түстім: Фильмге түскен ару

Желтоқсан 26, 2025 - 13:42
Желтоқсан 26, 2025 - 14:01
 0  8
«Қыз Жібек» киносына түстім: Фильмге түскен ару
Фото: Видеодан скрин
«Қыз Жібек» киносына түстім: Фильмге түскен ару
«Қыз Жібек» киносына түстім: Фильмге түскен ару
«Қыз Жібек» киносына түстім: Фильмге түскен ару

Әлеуметтік желіде  қазақтың атақты «Қыз Жібек» фильміне түскен арулардың бірінің видеосы тарады, деп хабарлайды sadaq.kz. 

«Меруерт Өтекешовамен бірге киноға түстім. Ол 1968 жылдың күзі болатын. Училищенің 3 курсында оқып жүрген кезім. Сол уақытта  «Қыз Жібек» фильмінің  түсірілімі болып жатыр екен. «Қыз Жібек» рөліне – Меруерт Өтекешова деген қазақтың әдемі қызы, Төлегеннің рөліне – Құман Тастанбеков деген жігіт таңдалыпты деген жаңалықтардан хабарымыз бар еді. Ал, фильм «Айдарлы» ауылының ар жағында 30км жердегі «Ақтау» деген жерде түсіріліп жатты. Мектепте қазақ тілі сабағы өтіп жатқан уақытта  қырықтар шамасындағы бір әйел кіріп келді. Үстінде қазақша камзол, аяғында оюлы етігі бар. «Қыз Жібек» фильмі түсіріліп жатыр, Қыз Жібектің қасына қыздар жинап жүрміз деп әңгімесін бастап, «сен тұр, сен тұр» деп тобымыздағы  6 қыздан жөн сұрасты, – дейді Күләйхан Қожақызы.

Күләйхан Қожақызының айтуынша, тобындағы Райхан, Жақсыгүл, Маздақ есімді қыздар таңдалған.Түсірілім барысында аттан құлап, жылқы жануарының адамға зиян тигізбейтініне көзім жетті дейді. 

Ал, желі қолданушылары болса, «Расында, Қыз Жібектің қасында жүрген қыздар осы уақытқа дейін айтылмады», «Қандай тамаша деректер айтылды. Апамыздың естелік әңгімесін қызығып тыңдадым», – деп пікір білдірді.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 1
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0