Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья сотталды
Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы мен судьяға қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
"18 қыркүйекте Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы Д. Әбдіқалықов пен судья С. Бертайға қатысты сот үкімі шығарылып, оларға 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді", - деп жазылған хабарламада.
Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0