Қызылордадағы аттракционда апат болып, 19 жастағы жігіт екі аяқсыз қалды

Маусым 16, 2026 - 12:09
chat_bubble  0 visibility  2
Қызылордадағы аттракционда апат болып, 19 жастағы жігіт екі аяқсыз қалды
Фото: видеодан скрин

Қызылордадағы "Арай" ойын-сауық паркінде болған қайғылы оқиға салдарынан 19 жастағы жігіт ауыр жарақат алып, екі аяғынан айырылды. Бұл туралы Sadaq.kz сайты Stan.kz-ке сілтеп хабарлайды.

Қызылорда қаласындағы "Арай" ойын-сауық паркінде болған қайғылы оқиға салдарынан 19 жастағы жігіт ауыр жарақат алды. Оның аяқтары аттракционның дөңгелектерінің астына түсіп кеткен. 

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Мәліметтерге сәйкес, зардап шеккен жас жігіт өте көп қан жоғалтып, ауыр жарақат алған.

Осы оқиғаға байланысты "Арай" паркінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта аттракционды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексеріледі. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жағдай егжей-тегжейлі зерттелмек.

"Қазір іс аясында оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде".

Зардап шеккен азамат облыстық көпсалалы ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін екі аяғын да ампутациялауға мәжбүр болған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0