«Қызымды тап!»: Марқұм Мадинаның анасы күдікті күйеу баласымен кездесті (ВИДЕО)

Қыркүйек 11, 2026 - 15:55
app_badging Қыркүйек 11, 2026 - 16:00
chat_bubble  0 visibility  18
«Қызымды тап!»: Марқұм Мадинаның анасы күдікті күйеу  баласымен кездесті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Меркіде қайтыс болған  Мәдина Рашидқызының анасы қызының өліміне қатысы бар күйеу баласы Мадиярмен кездесті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Желіде тараған видеоны блогер әрі қоғам белсендісі Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

Бейнежазбада Мәдинаның анасының Мадиярды көрген сәтте оған қарай ашумен ұмтылғаны байқалады. Қайғыдан қан жұтқан ананы құқық қорғаушы Инга Иманбай тоқтатып, сабырға шақырған.

«Тап қызымды! Қызымды тап! Мадина қайда?!»,– деп жанұшыра жылады анасы.

Жан Ахмадиев бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, марқұмның жақындары эмоцияға беріліп, заң бұзып қоймауы керектігін атап өтті.

“Достар, Инга заң аясында жұмыс істеп, өз қорғауындағы адамды заң бұзудан сақтап тұр. Ертең анау арыз жазса, мамасы істі болып кетуі мүмкін. Мадиярды ұрып емес, түрмеге қаматып жазалау керек заң аясында!”, – деп жазды ол.

Бейнежазба көпшіліктің назарын аударып, желі қолданушылары Мәдинаның анасына қолдау білдірді. Сонымен қатар жұртшылық істің заң аясында әділ қаралуын талап етті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0