«Көкпар жоқ жерде, қазақ та жоқ»: белгілі журналист Қырғызстанда өтетін Көшпенділер ойындарына байкот жариялауға шақырды

Ұлттық спортымыз – ұлттық рухымыз. Егер оны керек қылмаса, онда бізге ондай ойынның да керегі жоқ.

Шілде 29, 2025 - 15:58
 0  31
«Көкпар жоқ жерде, қазақ та жоқ»: белгілі журналист Қырғызстанда өтетін Көшпенділер ойындарына байкот жариялауға шақырды
ашық дереккөз
Байкот жариялау керек!
Қазақтың көкпары Көшпенділер ойындарынан алынып тасталды. Яғни, 2026 жылғы жарыс бағдарламасында жоқ. Бұндай шешімді қырғыз тарапы шығарып отыр. Көкпар жоқ жерде, қазақ та жоқ. Сондықтан, алдағы жылы көрші елде өтетін ойындарға мүлде бармауды ұсынамын.
Біреудің көңіліне қарап, шапқылай беретін шама жоқ. Ұлттық спортымыз – ұлттық рухымыз. Егер оны керек қылмаса, онда бізге ондай ойынның да керегі жоқ. Одан да өзіміздің ішкі чемпионаттар бар, халықаралық турнирлер бар, әлемдік жарыстар бар, соны өткізе берейік. Өзіміз насихаттап, өзіміз көтермелейік. Бәрін шешетін өзіміз ғой.
Ең бастысы - жігіттерді табаламасақ болғаны. Олар кез-келген жарыс алаңына шығып, барын да, жанын да салуға дайын. Бірақ, дәл осы жағдайда қажет пе?! Қазақстанда өткен Көшпенділер ойындарында көкпар да болды, көкбөрі де болды. Ал, Қырғызстанда өтетін жарыста көкбөрі ғана болады.
Жарайды. Ендеше өздерімен өздері ойнай берсін...
Журналист Аслан Қаженовтың facebook парақшасынан
  
Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0