Көкшетауда мектеп маңында бала көліктен құлап кетті

Қазан 6, 2026 - 11:04
chat_bubble  0 visibility  2
Көкшетауда мектеп маңында бала көліктен құлап кетті
Фото: Видеодан скрин

Көкшетауда мектеп маңында бала көліктен құлап, қауіпті жағдайға тап болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға 5 қазан күні таңертең болған. Полиция мәліметінше, Subaru Forester жүргізушісі баланы белгіленбеген жерде түсірмек болған. Көлік қозғалған сәтте бала есікті ашып, сыртқа құлап кеткен.

Тексеру барысында баланың арнайы балаларға арналған ұстау құрылғысы мен қауіпсіздік белдігіне арналған адаптерсіз тасымалданғаны анықталды.

Жүргізушіге жолаушыларды тасымалдау және тоқтау талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Полиция ата-аналар мен жүргізушілерді балалар қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0