«Қонаевтың күйеу баласымын» - Мәжіліс депутаты

Екінші әйелім Қонаевтың немересі.

Ақпан 21, 2024 - 17:15
Ақпан 21, 2024 - 17:18
«Қонаевтың күйеу баласымын» - Мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Советтік Қазақстанды ширек ғасыр басқарған белгілі қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевқа қандай қатысы бар екенін айтты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Әйелім – Дінмұхамед Ахметұлының жиені. Сара Қонаеваның немересі. Ол кісі Қонаевтың туған қарындасы. Өздеріңіз білесіздер, балалар арбасын өртеп кетті. Бұл қыркүйек айында болды. Әлеуметтік желіде жазғанмын. Арбаны өртеген үй – Сара Қонаева тұрған қонысы болатын. Бұл үйге Дінмұхамед Қонаев қыспаққа ұшыраған кезде жиі келіп тұрған. Ол кісілер ешқашан байлық жинамаған. Мен жақсы білемін», – дейді Бақытжан Базарбек Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында.

Ол қайын жұрты мемлекеттік биліктен еш нәрсе алмағанын, отбасы болып араласқанда осыған көз жеткізгенін айтты.

«Дүние жинамаған. Тәрбие солай болған. Біз тұтынып жүрген кесе, қасық сол Совет Одағы тұсында Димаш Ахметұлы пайдаланған заттар. Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарымен салыстыруға келмейді. Адалдық, пәктігі –  символы. Бәлкім, бір қателіктері болған шығар, бірақ қарапайымдылықтарын сақтап қалған», – дейді депутат.

qaz365.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow