Қорғаныс министрлігін кешенді тексеретін комиссия құрылды: құрамында кім бар?

Қыркүйек 26, 2026 - 18:19
 0  5
Қорғаныс министрлігін кешенді тексеретін комиссия құрылды: құрамында кім бар?
Фото: martok-tynysy.kz

Қорғаныс министрлігін кешенді тексеретін комиссия құрылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Президент тиісті өкімге қол қойды. Комиссия әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы жағдайға кешенді тексеру жүргізеді.

Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева комиссия төрағасы болды. Комиссия жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижесін жеті күн ішінде баяндауы тиіс.

Комиссия құрамына:

  • Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева – комиссия төрағасы;
  • Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов – комиссия төрағасының орынбасары;
  • Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев;
  • Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов; 
  • Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы Мұрат Баймұқашев; Қаржы министрі Мәди Тәкиев;
  • Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев;  
  • Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Әли Алтынбаев;
  • Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин кірді. 
Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0