«Көрінген адаммен жататын арзан ұрығым жоқ»: Мұхамеджан Тазабек тектілік туралы айтты (ВИДЕО)

Сәуір 28, 2025 - 17:32
«Көрінген адаммен жататын арзан ұрығым жоқ»: Мұхамеджан Тазабек тектілік туралы айтты (ВИДЕО)
Фото: әлеуметтік желі

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек тектілік туралы сөз қозғады.Психологияға бет бұрған ақын жастармен өткен кездесулердің бірінде сөйлеген сөзін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған, деп хабарлайды sadaq.kz.

Видеодан Мұхамеджан Тазабектің Ресейдің Романовтар әулетінің тектілігін мысалға келтіріп жатқанын байқауға болады. 

”Романов — мұсылман емес, неке оған шарт емес. Бірақ, сол Романов ойнас жасауды қолдамаймын деген. “Менің ата-бабам қан тазалығы үшін 300 жыл күресіп, кілең патшалардың, тектілердің қызын алған. Енді менің көрінген жерге төгіп кететін ұрығым, біреумен бөлісе салатын төсегім жоқ”, — дейді. Ойлашы, ол қажылыққа барып келген немесе намаз оқып жүрген адам емес. Ол — текті. Сол текті адам “көрінген жерде көрінген адаммен жатып кететін, шашылып жатқан арзан ұрығым жоқ”, — дейді. Ал тексіз адам төбет ит сияқты жүреді”, — дейді ол.

Айтыскер ақын осындай мазмұндағы мысалдарды өзінің жақында жарық көрген “Енді айтуға болады” деген жаңа кітабында жазған. 

Ал желі қолданушыларының басым бөлігі Мұхмамеджан Тазабекті “тоқал мен төсек мәселесін көп қозғайды” деп сынауда. 

”Осындай төсектің айналасынан басқа ғибратты әңгіме жоқ па”, “Тоқал мен төсектен аса алмай қалдық қой”, “Жастарға төсек емес, білім-ғылым туралы айту керек”, — деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Muhamedzhan Tazabek - ТӘЛІМГЕР (@mukhamedzhan_tazabek)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow