«Көрінген әумесер әлеуметтік желіде «әулие» болып кетті» – Ринат Зайыт

Сәуір 8, 2026 - 22:16
chat_bubble  0 visibility  3
«Көрінген әумесер әлеуметтік желіде «әулие» болып кетті» – Ринат Зайыт
Фото: Мәжіліс
Мәжіліс отырысында депутат Ринат Зайыт өзін психолог ретінде таныстыратындарды қатаң сынға алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
 
Депутат әлеуметтік желіде білімі жоқ, жалған мамандардың  көбейіп кеткенін және олардан қоғамға келетін  қауіптің көп екенін айтты. 

«Қазір екінің бірі - психолог. Көрінген әумесер әлеуметтік желіде «әулие» болып кетті. Ол - өтірік емес. Бір мысал айтайын. Бір жігіт әлеуметтік желіде психологқа хабарласады. «Менің отбасым, әйелім түсіне алмай жүр. Осыны қалай іске асырамын» десе, «Сенің әке-шешең - токсичный. Сен олардан аулақ жүр» деген ғой. Сүйтіп, бір әулеттің ойран-топанын шығарып жіберген. Ал, мемлекет осындай жеке тұлғалардың санасының, жан-саулығының көңіл-күй жиынтығынан тұрады. Біз оны қадағалауға алып, әкені ұл жағадан алып, шешені қыз беттен алып жатқан заманда ары қарай ушықтыруға хақымыз жоқ»,– деді ол. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0