«Көріп тұрып амандаспай кетеді»: Ақбота Керімбекова Нұрболат Абдуллинді сынға алды

Қыркүйек 16, 2024 - 14:44
Қыркүйек 16, 2024 - 14:45
«Көріп тұрып амандаспай кетеді»: Ақбота Керімбекова Нұрболат Абдуллинді сынға алды
фото: әлеуметтік желіден

Әнші Ақбота Керімбекова әріптесі Нұрболат Абдуллин туралы айтты.

Бұл туралы ол Adal Adam YouTube арнасына берен сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz.

”Нұрболат Абдуллиннің әншілігін жоққа шығармаймын. Бірақ сый-құрмет жағынан қатты сыйлаймын деп айта алмаймын ол баланы. Өзі де көрсе, түсінер. Ол көзқараста жалғыз мен емес. Бір жарқырап шықты ма, кеуделерін аспанға тіреп қояды. Өмір бойы солай жүретін сияқты. Қасымызда тұрып амандаспай кететін жастарымыз бар. Көріп тұрып көрмей тұратындарды мен сыйламаймын. 

Нұрболатты соның қатарына қоямын, оны бетіне де айтқанмын. “Мына көкірегіңді түсірмесең, ертең біздің жасымызға сен де келесің. Сенің артыңнан сенен мықтылар шығады. Адам қарапайым болу керек” дегенмін. Амандаспау деген ұят нәрсе ғой”, — деді Ақбота Керімбекова.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow