Қостанай облысында екі балықшы мұз астына құлап кеткен
Балық аулаймыз деп оқыста жарылған мұздың астына түсіп кеткен екі қостанайлық азаматты жергілікті ТЖМ қызметкерлері аман-есен құтқарып қалды, деп хабарлайды Sadaq.kz. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқыс оқиға кешкі уақытта Қостанай облысының Рудный қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан Сергеев су қоймасында болған. Мұз үстімен жүрген екі ер адам суға түсіп кеткен.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар мен полиция қызметкерлері уақыт күттірмей құтқару жұмыстарына кіріскен.
Қызметтердің үйлесімді әрекетінің арқасында екі балықшы да құтқарылды. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметі арқылы Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді.
ТЖМ көктем мезгілінде мұздың беріктігі төмендеп, аса қауіпті болатынын кезекті мәрте ескертеді. Күн жылынып келе жатқан қазіргі таңда мұз үстінде жүру өмірге қауіп төндіреді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0