Қостанай облысында жантүршігерлік жағдай болды

Марқұмның күйеуі күдіктімен төбелесу кезінде басының артына және бетіне пышақ жарақатын алған.

Шілде 27, 2024 - 11:31
Шілде 27, 2024 - 11:47
 0  75
Қостанай облысында жантүршігерлік жағдай болды
Фото: Pixabay.com

Қостанай облысында белгісіз ер адам әйелді бауыздап өлтірген. Қайғылы оқиға 20 шілде күні Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылында болған,  деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Карл Маркс көшесіндегі жеке үйлердің бірінің ауласында мойны кесілген жаралы әйел табылды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі әйелдің көз жұмғанын анықтады.

Марқұмның жанында күйеуі болған. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне 40 минут бұрын әйелінің айғайын естіп, сыртқа шыққанын, оны осы күйде тапқанын айтыпты. Марқұмның күйеуі күдіктімен төбелесу кезінде басының артына және бетіне пышақ жарақатын алған. 

"Құсмұрын ауылында әйелді өлтірді деген күдікпен полицейлер 29 жастағы ер адамды ұстады, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген Қостанай облысы полиция департаментінің хабарламасында. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0