Қостанай облысында жүк көлігіне мотоциклші соқтығысып, қаза тапты

Тамыз 25, 2026 - 14:29
chat_bubble  0 visibility  3
Қостанай облысында жүк көлігіне  мотоциклші соқтығысып, қаза тапты
Фото: ПД

Қостанай облысында ҚАЗ-19 автожолында, Семилетка ауылының маңында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиғаның мән-жайын Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақов мәлімдеді.

Оның айтуынша, автожолда «КамАЗ» көлігі мен мотоцикл соқтығысқан. Апат салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқан.

— «КамАЗ» жүргізушісі маневр жасау кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбей, мотоциклмен соқтығысқаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады, — деді Аманжол Байзақов.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0