Қостанай облысының туризмі қалай дамиды?

Желтоқсан 23, 2025 - 16:29
Желтоқсан 23, 2025 - 16:40
 0  7
Қостанай облысының туризмі қалай дамиды?

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында өңірдегі туристік саланы дамыту үшін инфоқұрылым  және жол мәселесінің маңызды екенін  екенін атап өтті.  Облыс бойынша 125 мың км жол күрделі жөндеуден өткен.

Бестөбе ауылынан Ақтөбе облысына дейінгі және Қостанайдан Көкшетауға дейінгі жолдар күрделі жөндеуден өтсе, Ұзынкөл ауданы орталығынан Троебратский ауылына дейін  жаңа жол салынған. Әкімнің сөзінше, Арқалықтан Астанаға дейінгі 600 км жол 354 км-ге дейін қысқарған.

«Туристер, облыс қонақтары, қала тұрғындары сапалы жолмен жолмен жүріп,  Наурызым қорығы секілді  түрлі түристік жерлерге баруға жағдай жасалуы керек. Екіншіден, тұрақтайтын қонақ үй мәселесі ескерілуі тиіс. Себебі, Қостанай қаласында  қонақ үй табу тапшылығы бар. Қазір халықаралық деңгейде қызмет көрсететін қонақ үйлердің құрылысы бастау жөнінде жоспарлар  көзделіп отыр», - дейді әкім.

Облыс әкімі ауқымды  спорттық және мәдени шаралардың көп өту де   туристер мен тұрғындар қызығушылығын арттыруға көмектеседі дейді. Одан бөлек  туристер мен қала қонақтарын өндірістік және техникалық  зауыттарды көрсетуге  бағытталған  индустриялдық тур ұйымдастыру  жоспарлануда.

«Қостанай облысы – республикамыздың машина жасау орталығы. Машина жасауда көшбасшылық позицияны ұстап тұруға ағымдағы жылы ашылған жаңа KIA зауыты мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы ең ірі, стратегиялық жобалардың бірі. Ол рекордтық қысқа мерзімде, 1,5 жылда салынды. Оған қоса, кәсіпорында 1 500 адам жұмыс істейтін болады»,- дейді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 1
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 1