Қостанайда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Сәуір 13, 2026 - 10:51
 0  9
Қостанайда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты
Фото: polisia.kz.

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Апат Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тасжолында болған. Жолда Mercedes-Benz E 200 және ВАЗ-2107 автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тапты.

Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, адам өліміне әкелген екі көліктің соқтығысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Mercedes-Benz E 200 көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан көліктер бетпе-бет соқтығысқан. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0