Қостанайдағы жабайылық: Студенттерді емтиханнан кейін бірден әскерге алып кетті (ВИДЕО)

Маусым 17, 2025 - 16:03
 0  58
Қостанайдағы жабайылық: Студенттерді емтиханнан кейін бірден әскерге алып кетті (ВИДЕО)
Фото: ғаламтордан

Қостанайда студенттерді емтиханнан кейін бірден әскери бөлімге алып кетті, деп хабарлайды ALASH.kz.

Қостанайдағы колледждердің бірінде емтиханнан шыққан студенттерді әскери бөлім қызметкерлері бірден алып кеткен, деп хабарлайды Taspa News.

Куәгерлердің айтуынша, әскери қызметкерлер колледжге студенттермен әңгімелесу мақсатында келген. Алайда емтихан сессиясы аяқталған соң бірнеше жігітті әскери бөлімге алып кеткен.

Әскери бөлім өкілдері бұл жағдайдың әскерге шақырумен байланысты емес екенін айтады.

Оқиға ата-аналар арасында алаңдаушылық тудырды. Бір ана баласының – жалғыз ұлы екенін, заң бойынша студенттер 30 маусымға дейін оқушы мәртебесін сақтайтынын және осы күнге дейін оқу орнында болуға құқығы бар екенін айтып, наразы болды.

Қазіргі таңда бұл жағдайға қатысты ресми органдар тарапынан ешқандай түсініктеме берілген жоқ.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0