Қуат Хамитов Сабина Алтынбековаға ұсыныс жасады

Қазан 9, 2025 - 14:49
Қазан 9, 2025 - 15:32
Қуат Хамитов Сабина Алтынбековаға ұсыныс жасады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов кино түсірмек, деп жазады qazaq.today.

“Иә, бұл шындық: келесі жылы көктемде өзімнің алғашқы фильмімді түсіруді жоспарлап отырмын. Сценарийді өзім жаздым, актерлерді де жеке өзім таңдаймын және жобаның қаржылық жағын толықтай өз мойныма аламын.

Бұл фильм мен үшін жай ғана дебют емес -мен оның қазақ кинематографиясына жаңа леп әкелгенін қалаймын. Қыздар, егер мен сізге жазсам, демек сізді рөлге қарастырып жатырмын”, – деп жазды спортшы.

 Пост астына пікір қалдырған желі қолданушылары оны құттықтап,оған танымал волейболшы Сабина Алтынбекованы басты рөлге шақыруды ұсынған.

 «Керемет идея! Сабина, қалай қарайсың?» – деп жауап қатқан Қуат Хамитов, алайда спортшы қыз әзірге үн қатпаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow