Құлыбаевтың тағдыры шешілетін күн белгілі болды

Бұған дейін мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне Тимур Құлыбаев келгеннен бері елдің спорттық жетістіктері құлдырай бастағанын айтқан еді.

Ақпан 21, 2024 - 09:52
Ақпан 21, 2024 - 09:53
 0  177
Құлыбаевтың тағдыры шешілетін күн белгілі болды
dalanews.kz

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Тимур Құлабаевтың Ұлттық олимпиада комитетінде қалу не қалмауы қашан шешілетінін айтты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

"Ұлттық олимпиада комитетінің басшылық құрамы бойынша мәселе ағымдағы жылдың 26 ақпанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің отырысында талқылау жоспарланып отыр", - дейді Дүйсенова депутаттық сауалға берген жауабында.

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне Тимур Құлыбаев келгеннен бері елдің спорттық жетістіктері құлдырай бастағанын айтқан болатын.

Ермұрат Бапи тәуелсіздік жылдарында спортшылар 11 спорт түрінен 14 алтын, 22 күміс және 35 қола медаль жеңіп алғанын атап өтті. 1996 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан барлық жазғы Олимпиада ойындарында ешқашан алтынсыз қалмай, әлемдегі үздік 40 елдің қатарынан түспеген.

Депутат сондықтан да Ұлттық Олимпиада комитетінің жұмысында "Әділетті Қазақстан" бағытында трансформация әлі де жоқ екенін айтты.

Dalanews.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0