Күдікті табылмады: Шерзат әкесінің үйі өртенуіне байланысты тергеу тоқтады

Тамыз 15, 2025 - 09:21
chat_bubble  0 visibility  34
Күдікті табылмады: Шерзат әкесінің үйі өртенуіне байланысты тергеу тоқтады
фото: әлеуметтік желіден

Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Полаттың үйіндегі өрт фактісі бойынша тергеу жұмыстары тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Былтыр 12 қазан күні Азат ауылындағы Қаржаубай Нұрымовтың үйін кім өртегені сол күйі табылмады. 

«Қаржаубай Нұрымовтың үйіндегі өрт фактісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу мерзімі қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабы 7-бөлігінің 5-тармағына сәйкес (құқықтық көмек көрсету бойынша іс жүргізу әрекеттерін орындауға байланысты) тоқтатылды», деп хабарлады прокуратура.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0