Күдіктінің анасы: «Баламды олай тәрбиелеген жоқпын»»

Қаңтар 9, 2026 - 00:41
Қаңтар 9, 2026 - 10:47
 0  25
Күдіктінің анасы: «Баламды олай тәрбиелеген жоқпын»»

Жангелдинде жоғалған отбасы ісі бойынша ерлі-зайыптыны өлтірді деген басты күдікке ілінген – Сұлтан Сәрсемалиевтің анасы Гүлнәр Әзмұханова журналист Жанат Жақсыбайқызына сұқбат берді. 

«Баламды олай тәрбиелеген жоқпын. Балам тәртіпті. Баламды ондай іске барады деп ойламаймын. Сенбеймін, мүмкін емес. Әкесі қатал, ол әкесінен қорқады. Бірақ Наурызбен жақсы сөйлеседі. Оны мойындаймын. «Аман екен. Ауылға кетіп бара жатыр екен. Келіп жатыр екен» деп Ақбаянға айтып жатады. Бұндай жамандыққа баламды қимаймын»,– деп  анасы ұлын ақтауға тырысты.

Гүлнұр Әзмұханова осы хабарды естігеннен кейін Сұлтанға хабарласып,  аудио хабарлама жіберген. Полицейлердің мазалап жатқанын айтып, оқиғаны анықтағысы келген. Бірақ баласы хабарламаны әлі  оқымаған. Соңғы рет WhatsApp желісіне 11 желтоқсан күні кірген дейді.

Анасының айтуынша, күдікті Сұлтан үйінің кенже баласы. Жасы – жиырма тоғызда. Келіні Ақбаянның денсаулығының нашарлауына байланысты екеуін емделуге жіберген. Ақбаянның төртінші баласынан кейін жүйке жүйесінде өзгерістер байқалып, дәрігерге жиі қаралуға мәжбүр болған. Соны біле тұра қыздың марқұм ата-анасы мен жақындары қыздарының жағдайын сұрап бір рет те  келмеді деп ренішін білдірді.

Қазір күдіктінің бес баласы анасының қолында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0