Құрылтайда бір депутат қызметін мерзімінен бұрын тоқтатты
Құрылтай депутаты Татьяна Савельева депутаттық мандатын мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бүгін Құрылтай депутаттары Орталық сайлау комиссиясының ұсынымын қарады.
Комиссия хатшысы Шавкат Өтемісовтың айтуынша, 6 қазанда депутаттың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші түскен. Заң бойынша Құрылтай тиісті қаулыны қабылдайды.
Бұл мәселе Құрылтайда дауыс беру арқылы шешілді.
Депутаттар қаулыны бірауыздан мақұлдады. Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Татьяна Савельеваға алғыс айтып, жаңа қызметте табыс тіледі.
Татьяна Савельева – 1976 жылы 11 сәуірде Ақмола облысында дүниеге келген. 2001 жылы Ақмола аграрлық университетін «Экономика және менеджмент», 2007 жылы Еуразия ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1999 жылдан Астана қаласының Қаржы басқармасында жұмыс істеген. Кейін Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі қызмет атқарып, бюджеттік жоспарлау бағытындағы басшылық лауазымдарға көтерілген. 2016–2023 жылдары қаржы вице-министрі болған.
2023 жылы «AMANAT» партиясының тізімімен VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты атанды. 2024 жылдың ақпанында Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып сайланып, бұл қызметті 2026 жылдың шілдесіне дейін атқарды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0