«Күйеуің Асхат Тағыберген»: Танымал футболшының жары өз кәсіптерімен мақтанды
Танымал футболшы Асхат Тағыбергеннің әйелі Махаббат Тағыберген әлеуметтік желіде туған күн кешінің суреттерін жариялап, жазба қалдырды,-деп хабарлайды sadaq.kz.
Ол жазбасында туған күнін өз мейрамханасында тойлап, өз кондитерлік дүкенінен тортқа тапсырыс беретінін және гүл бизнесі барын атап өтті. «Күйеуің Асхат Тағыберген! 2 қыз, 2 ұлың бар»,- деп мақтанды футболшының жары.
«Осының барлығы қаншама еңбек, қаншама тер. Баршаңызға рақмет айтқым келді. Сіздерге барлық жақсылықты тіледім» - дейді ол.
Ал, оқырмандар болса, «Сіз сияқты сұлуға қолы жеткен Асхат ағамыз бақытты ғой», «Қазақ байыса қуанамын. Өсе беріңдер!», «Асхат қазақша жақсы сөйлейді. Сіздің үлесіңіз екен...»,- деген сынды қолдау пікірлерін қалдырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
1
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0