Лайк дауы: Шымкент жастар орталығының басшысы қызметінен кетті

Мамыр 14, 2025 - 12:27
Лайк дауы: Шымкент жастар орталығының басшысы қызметінен кетті
Фото: facebook.com/spatayev

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығындағы «лүпіл дауынан» кейін орталық басшысы Марат Спатаев қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды saDaq.kz.

Шенеунік бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Бүгіннен бастап Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығындағы» басшылық қызметімді ресми түрде аяқтаймын. Бұл мен үшін өмірімнің маңызды, жауапты әрі ерекше кезеңдерінің бірі болды», – делінген жазбада.

Өз жазбасында Марат Спатаев бірге қызмет еткен әріптестеріне, басшылығына және серіктестеріне алғыс білдірді. Сондай-ақ экс-басшы өз қызметінде әрдайым сыйластық пен ашықтық қағидаларын ұстанғанын ерекше атап өтті.

«Экс-әріптестеріме айтарым – өз басым ешқашан “Я начальник – ты дурак” дейтін “кеңестік көзқараста” болған жоқпын. Алдағы уақытта жолымыз тоғысып жатса, сыйластықта болайық. Өмір өткінші, ал шынайы сыйластық – мәңгілік», – делінген жазбада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow