Мәжіліс депутаты Азия ойындарында қола жүлде алды
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.
Кенжеғұл Сейітжан мен Антон Лаврентьев командалық ойында Оңтүстік Корея командасынан 6 минут, Индонезия спортшыларынан жеті минут артта қалып, қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, командадағы Кенжеғұл Сейітжан – Парламент мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі. 1982 жылы 29 шілдеде Қостанай облысы, Амангелді ауданында дүниеге келген. 2022 жылдан бастап осы күнге дейін Астана қаласы голбол Федерациясының Президенті. Арада екі жыл "Қазақстан Паравелоспорт федерациясы" РҚБ президенті болған. Ал, 2023 жылғы наурыздан бастап- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының мүшесі.
Сіздің реакцияңыз қандай?